Қазақстан Халық банкінің ірі есеп-кассалық бөлімшелерінде менеджерлер институты жұмыс істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкінің ірі есеп-кассалық бөлімшелерінде менеджерлер институты жұмыс істей бастады

Қазақстан Халық банкінің ірі есеп-кассалық бөлімшелерінде менеджерлер институты жұмыс істей бастады

Қазақстан Халық банкінің ірі есеп-кассалық бөлімшелерінде басқарушылар институты жұмыс істей бастады. Бұл туралы бүгін, 16-ақпанда Қазақстан Халық банкінің бөлшек сауда департаментінің директоры Виталий Пемзов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

  • 16 Ақпан 2004
  • 381
Фото - Caravan.kz

Есеп-кассалық бөлімшелердің менеджерлері депозиттер пен төлем карточкаларын рәсімдеу, жалақы жобасына қатысушыларға кепілдіксіз несие беруді және жедел несиелерді рәсімдеу жұмыстарымен айналысады.

В.Пемзовтың айтуынша, «қазіргі жағдаймен Алматыда 250 мыңнан астам электронды карточкалар пайдаланылады. Бұған дейін адамдар жалақы мен зейнетақыны белгілі бір есеп-кассалық бөлімшелерде ғана алып келсе, ендігі жерде барлық операциялық қызмет түрлері орталықтандырылған жүйеден шығарылды». Сондай-ақ, В.Пемзовтың айтуынша, «Астанадағы 6 бөлімшеде де есеп-кассалық бөлімшелердің менеджерлері жұмыс істей бастады».
Қазіргі жағдаймен Алматыда банктің 36 бөлімшесінде есеп-кассалық бөлімшелердің менеджерлері жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар