Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас конференциясының Венада өтіп жатқан 52-ші сессиясына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас конференциясының Венада өтіп жатқан 52-ші сессиясына қатысуда

Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас конференциясының Венада өтіп жатқан 52-ші сессиясына қатысуда

Алматы. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас конференциясының Венада өтіп жатқан 52-ші сессиясына қатысуда, сессия 29 қыркүйекте ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігіне сілтеме жасап.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

Қазақстан өкілдерінің құрамында Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Жантикин, СІМ қызметкерлері мен «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК АҚ-ның Венадағы өкілдігінің қызметкерлері бар.

4 қазаға дейін созылатын конференция барысында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Мохаммед эль-Барадейдің агенттіктің 2008 жылғы жұмысы туралы есебі, ұйымның болашақ қызметінің бағдарламасы, атом энергетикасы саласын одан әрі дамыту перспективасы, атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану бағыттары талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар