Елбасының жолдауда атап көрсеткеніндей, «Қазақстан ел экономикасын құрылымдық және институционалдық қайта құруға, шетелдік инвестиция тартуға бағытталған мақсатты саясат жүргізуінің арқасында ілгерілеушілікке қол жеткізді».
Н.Назарбаев «Қауымдастықпен өзара ынтымақтастық орнату — Азия және Мұхиттар аймағындағы елдермен қарым-қатынас тетігіне айналып, әріптестікке және аймақ елдері арасындағы қаржылық-экономикалық байланысты нығайтуға қосымша серпін береді» дегенге сенімді. Қазақстан мемлекет басшысы «форум Азиядағы интеграциялану құбылысына және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас аясын кеңейтуге түрткі болады» дегенге сенім білдірді.
Елбасы форум жұмысына табыс тіледі.