Жарияланды: 320

Қазақстан Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді жүзеге асыруда үлкен жетістікке жетіп отыр - шетелдік сарапшылар

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді (ХМСЕ) жүзеге асыру мерзімін ұзартуды ұсынып отырған елдер қатарына қосылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан ХМСЕ-ні жүзеге асыру бойынша көп тарапты мемлекетаралық семинарда айтылды.

«Бізде ХМСЕ-нің заңдық мәселелері бойынша мол тәжірибе бар. Заңнамамен шектелмей, кез-келген өзге де мәселелер бойынша сауал қоюға болады. Біз ХМСЕ баршаңызға бірдей толық түсінікті емес екенін жақсы білеміз», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) штаб-пәтерінің уәкілі Брюс Плоткин. Оның айтуынша, ХМСЕ-ні жүзеге асыруда Қазақстан біршама жетістікке қол жеткізді. Сондықтан бұл семинарды өз елінде өткізіп, оған төрағалық етуде. Қазақ елі бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына оны жүзеге асырудың мерзімін ұзартуды ұсынып отырған 21-ші ел болып отыр. Бұл өтініш 30 қазан күні жасалған болатын. Жалпы қазір онда бұрынғы кеңестік республикалардан Грузия мен Қазақстан ғана бар. Ал өзге елдер ХМСЕ-ні жүзеге асыруға қатысты әлі нақты өз ұсыныстарын жасаған жоқ. Сондықтан бұл елдердің тәжірибесіне ДСҰ сілтеме жасай алмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін