«Халықарлық шағын несиелер тарату жылына орайластырылған шаралар кіріс деңгейі төмен жандар үшін қаржылық қызмет түрлеріне қол жеткізу мүмкіндігін арттыруға бағытталады»,- деді ол.
БҰҰ-ның жанындағы ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша, Халықарлық шағын несиелер тарату жылы аясындағы шараларды өткізуге 50-дей ел қазіргі жағдаймен құлшыныс танытқан. Қазақстан тәрізді көптеген елдерде ел және аймақтық деңгейде тиісті шаралар өткізуге жауапкершілік жүктеп алған ұлттық комитеттер құрылды.
Елімізде тұрғындарға шағын несиелер тарату қызметін 50 ұйым ұсынады. 2004-жылдың ақпан айында Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы құрылды.
Қауымдастық құрылғаннан бергі 9 айда оның белсенді клиенттерінің саны 16,5 мың адамнан асты. Жиынтық несиелік қоржыны 14,9 млн. долларды, таратылған несиелердің мөлшері 10 млн. долларды құрайды.
Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы төрағасының айтуынша, қауымдастықтан құрылған жұмыс тобы Қазақстандық кеңесшілер мен Әлемдік банк сарапшыларының қатысуымен жобалаған 2005-2010-жылдар аралығындағы даму жоспарын үкіметтің қарауына 2004-жылғы 2-желтоқсанда ұсынады. 2005-2007-жылдарға арналған шағын несиелер тарату жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарының бір бөлігін жоспарға сәйкес қауымдастық өз мойнына алуға әзірлік танытып отыр.
Атап айтсақ, шағын несиелер рыногын дамыту үшін бюджеттен бөлінетін қаржының пайдаланылуы мен таратылуына қоғам тарапынан қойылатын бақылауды ұйымдастыруға қауымдастық дайын.