Мемлекет басшысының пайымдауынша, «бұл жиын еліміздің даму жолындағы оңды ағымдарды сақтап қалуға және оны арттыра түсуге әсер етуі тиіс».
Н.Назарбаевтың пікірінше, «Ассамблеяны дамыту стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстардың бастамасы жаман емес». Елбасы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы алға қойған мақсаттарына қол жеткізеді дегенге сенім білдірді. Ал бұл өз кезегінде елімізді мекен ететін әр ұлт өкілдері арасындағы татулық, сыйластық, өзара төзімділігі мен ынтымақ-бірлігін нығайтып, әр ұлттың мәдени және рухани құндылықтарына деген құрмет-ілтипатты арттыра түсуі тиіс.