Қазақстан Халықтық банкі 150 млн. доллар көлеміндегі синдикаттық несие алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халықтық банкі 150 млн. доллар көлеміндегі синдикаттық несие алды

Қазақстан Халықтық банкі 150 млн. доллар көлеміндегі синдикаттық несие алды

Халықтық банк халықаралық банктер синдикатынан 150 млн. доллар көлемінде несие алу туралы келісімге бүгін, 24-шілдеде қол қойды.

  • 24 Шiлде 2003
  • 740
Фото - Caravan.kz

Несиелік келесімді Австрияның Raiffeisen Zentralbank Osterreich және Deutsche Bank AG (Лондон) ұйымдастырып отыр.

1 жыл мерзіммен берілетін синдикаттық несиені опцион арқылы тағы да осындай мерзімге ұзартуға болады. Несиелік маржа 6 айлық ЛИБОР ставкасынан жоғары жылына 2,25 проценттік өсімді құрайды.
Несие Халықтық банктің ірі корпоративтік клиенттерінің азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, химиялық кәсіпорындар мен мұнай газ саласына арнап құрал-жабдық сатып алу, жол-құрылыс техникасын сатып алу, экспорт алдындағы қаржыландыру тәрізді сауда операцияларын қаржыландыру мақсатымен тартылды.
Сондай-ақ, халықаралық банктер синдикатының географиялық ауқымы едәуір кеңейді. Бұл жолғы сауда келісіміне Еуропа, Америка және Орта шығыстан 30 банк қатысты.
Халықтық банк басшылығының атап көрсеткеніндей, бұл — банк тарихындағы төртінші синдикаттық несие болумен бірге көлем жағынан ең ірісі әрі несиелік шарттары банк үшін ең қолайлысы болып табылады. Өткен жылдың мамыр айында Халықтық банк 52 млн. доллардың синдикаттық несиесін тартқан. Онда несиелік маржа 6 айлық ЛИБОР ставкасынан жоғары жылына 2,90 проценттік өсіммен берілген болатын.
Бұған дейін 40 млн. және 10 млн. долларлық синдикаттық несие тартылды.
2003- жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Халықтық банктің таза пайдасы қазақстандық есеп беру стандартына сәйкес 3,050 млрд. теңге немесе 20,6 млн. долларды құрады. Банк активтері $1,542 млрд., жарғылық қоры $66,7 млн., жеке капиталы $152,9 млн. жетті.
Халықтық банк — Қазақстандағы банк жүйесін қалыптастырушы жетекші үш банктің қатарындағы қаржылық институт. Халықтық банктің филиалдық желісіне 582 құрылымдық бөлімше қамтылады, соның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 135 аудандық, 427 есеп-кассалық бөлімшесі бар. Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету желісінде 371 банкомат, 1869 POS-терминал мен 1168 импринтер бар.

Соңғы жаңалықтар