Қазақстан Халықтық банкі 150 млн. доллар көлеміндегі синдикаттық несие алуды межелеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халықтық банкі 150 млн. доллар көлеміндегі синдикаттық несие алуды межелеп отыр

Қазақстан Халықтық банкі 150 млн. доллар көлеміндегі синдикаттық несие алуды межелеп отыр

Халықтық банк алдағы аптада халықаралық банктер синдикатынан 150 млн. доллар көлемінде несие алу туралы келісімге қол қоймақшы. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Шiлде 2003
  • 444
Фото - Caravan.kz

Несиелік келісімге қол қою жөніндегі ресми шараға халықаралық 29 банктің өкілдері қатысады деп күтілуде. Алыс-беріс шарасын Австрияның Raiffeisen Zentralbank Osterreich және Deutsche Bank AG (Лондон) ұйымдастырып отыр.

1 жыл мерзіммен берілетін синдикаттық несиені опцион арқылы тағы да осындай мерзімге ұзартуға болады. Несиелік маржа 6 айлық ЛИБОР ставкасынан жоғары жылына 2,25 проценттік өсімді құрайды.
Несие Халықтық банктің ірі корпоративтік клиенттерінің азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, химиялық кәсіпорындар мен мұнай газ саласына арнап құрал-жабдық сатып алу, жол-құрылыс техникасын сатып алу, экспорт алдындағы қаржыландыру тәрізді сауда операцияларын қаржыландыру мақсатымен тартылғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар