Қазақстан Халықтық банкінің Астанадағы филиалы зейнеткерлерге басқа банктердің де қызметін тұтыну туралы өтініш жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халықтық банкінің Астанадағы филиалы зейнеткерлерге басқа банктердің де қызметін тұтыну туралы өтініш жасады

Қазақстан Халықтық банкінің Астанадағы филиалы зейнеткерлерге басқа банктердің де қызметін тұтыну туралы өтініш жасады

Қазақстан Халықтық банкінің Астанадағы филиалы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы зейнеткерлерге басқа банктердің де қызметін тұтыну туралы өтініш жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2003
  • 557
Фото - Caravan.kz

«Зейнетақы төленетін күні Халықтық банктің есеп-кассалық бөлімшелерінде ұзыннан-ұзақ кезек пайда болып, зейнеткерлерге ғана емес, банк қызметкерлері үшін де қолайсыз ахуал қалыптасады»,- дейді Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қаржылық-бюджеттік мониторинг және мемлекеттік сатып алу жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Марат Іргебаев. Оның айтуынша, «үйлерінің жанында ғана басқа банктердің филиалы барлығына қарамастан қариялар зейнетақысын алуға сонау алыс аудандардан ат сабылтып жететін» көрінеді.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Астаналық филиалының статистикасына жүгінсек, қазір 56 мың зейнеткер Халықтық банктің қызметін тұтынады екен. Ал керісінше, Цеснабанкте 72 адам, Темірбакте 3 , ЦентрКредит банкінде 54 адам ғана зейнетақысын алады. Соған қарамастан, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығымен зейнетақы төлемдерін тарату және коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі шартқа 12 коммерциялық банк отырған.
Осыған байланысты банктердің Астаналық филиалдарының басшыларына үгіт-насихат, жарнама тарату жұмыстарын күшейту арқылы зейнетақы және жәрдемақы алушылардың қатарын 500 адамға дейін арттыру жөнінде тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар