«Қазақстан ханымы-2011» байқауының ақтық кезеңі ертең Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан ханымы-2011» байқауының ақтық кезеңі ертең Астанада өтеді

«Қазақстан ханымы-2011» байқауының ақтық кезеңі ертең Астанада өтеді

«Қазақстан ханымы-2011» ІІІ Ұлттық байқауының гранд-финалы ертең, 14 қыркүйек күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Бұл туралы іс-шараны ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

Гранд-финалда үстіміздегі жылы Қазақстанның тоғыз өңірінде: Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Семей, Талдықорған және Қостанайда өткен іріктеу байқауларының жеңімпаздары бақ сынайды.

«Қазақстан ханымы» байқауына қатысудың бірден-бір шарты — отбасында балалардың болуы.

Ақтық сайыстың жеңімпазы «Әлем ханымы — 2011» байқауында Қазақстан атынан сынға түсетін болады. «Әлем ханымы» тұрмыс құрған, жасы 30-ға толмаған келіншектерге арналған жалғыз сайыс. 1977 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан халықаралық байқауға жыл сайын әлемнің 80-нен астам өкілі қатысады.

Мәлім болғандай, өңірлерде өткен іріктеу кезеңдері мен байқаудың гранд-финалына билеттердің сатылымынан түскен қаражаттар жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жолданады.

Перейти к новостям спорта