Қазақстан көкпардан әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан  көкпардан әлем чемпионы атанды

Қазақстан көкпардан әлем чемпионы атанды

Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан тұңғыш көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді.

  • 28 Тамыз 2017
  • 411
Фото - Caravan.kz


Алаңға рухтанып шыққан қазақ жігіттері алғашқы минуттарда-ақ басымдығын аңғартты. 3-ші минутта Темірхан Айтбаев алғашқы салымды жүзеге асырып, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. 8-ші минутта Бақтыбай Шырынқұлов есепті еселей түсті. 10 минутта Абылайхан Нышанбек есепті 3:0-ге жеткізген. Қарсыластар сапынан Рустам Тыналиев жауап қайтарды. Ал екінші кезеңде Александр Пупенко 4-ші салымды атына жазып Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.