Қазақстан командасының Германия және Бельгиямен өтетін футбол ойындарына жанкүйерлерді экспресс-автобустар жеткізіп салады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан командасының Германия және Бельгиямен өтетін футбол ойындарына жанкүйерлерді экспресс-автобустар жеткізіп салады

Қазақстан командасының Германия және Бельгиямен өтетін футбол ойындарына жанкүйерлерді экспресс-автобустар жеткізіп салады

Қазақстан құрама командасының Германия және Бельгия құрамаларымен «Астана-Арена» стадионында өтетін матчтарына жанкүйерлерді экспресс- автобустар жеткізіп салады.

  • 4 Қазан 2010
  • 614
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім бастығы Әбдіхамит Тамабаев мәлім етті.

Бұған дейін хабарланғандай, 2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчтары елордадағы «Астана-Арена» стадионында қазанның 8-і күні Қазақстан мен Бельгия (басталуы сағат 22.00-де), қазанның 12-сі күні Қазақстан мен Германия (23.00) құрама командаларының арасында өтеді.

Ә.Тамабаевтың айтуынша, бұл күндері жанкүйерлерді алаңға дейін қолайлы жеткізу үшін қаланың бірнеше ауданынан экспресс-автобустар ұйымдастырылады. Олар — Жеңіс даңғылы бойында орналасқан ҚР Қаржы министрлігінің алдынан (7 автобус), Әл-Фараби шағын ауданындағы Республикалық Ұлан (6), «Қазақстан» СК (7), «Бәйтерек» монументі мен Астаналық цирк ғимараты (6) алдынан жүреді.

Экспресс-бағдарлардың қозғалысы сағат 19.00-де басталып, тоқтаусыз жүзеге асырылады. Жол жүру ақысы екі бағыт бойынша — 100 теңге.

Сондай-ақ көрермендер стадионға дейін №10, 12, 27, 30, 40, 43 бағдарлы қоғамдық көліктерімен де жете алады. Сонымен бірге, осы күні сағат 19.00-ден бастап өзге бағыттардағы №18, 20 және 41-ші автобустардың жүру сызбасы стадионға дейін ұзартылады. Әр маршруттың қозғалыс аралығы 10-12 минут. Қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы — 60 теңге.

Ал матчтар аяқталған уақытта стадион алаңының бірінші жолынан эксперсс-автобустар жүреді. Көліктер жолаушыларды жоғарыда аталған бес нүктеге дейін қайта жеткізіп салады. Ал ол нүктелерден, яғни Қаржы министрлігінің алдынан №9, 17, 46, 47, 112-ші бағдарлы қоғамдық көліктер, Республикалық Гвардия алдынан №5 және 41-ші, «Қазақстан» СК алдынан №104, (13), 16 және 4-ші автобустар жүреді.

Сондай-ақ ойындардан кейін көрермендер №10, 12, 30, 40, 43, 18, 20 және 41-ші бағыттағы қоғамдық көліктермен де жете алады. Олардың жұмыс уақыты бұл күндері түнгі сағат бір жарымға дейін ұзартылады.