Қазақстан коммунистік партиясының Астана қалалық комитетінің шешімімен аталмыш партияның жетекшісі С.Әбділдин мен басқа да бірқатар мүшелер партия мүшелігінен шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан коммунистік партиясының Астана қалалық комитетінің шешімімен аталмыш партияның жетекшісі С.Әбділдин мен басқа да бірқатар мүшелер партия мүшелігінен шығарылды

Қазақстан коммунистік партиясының Астана қалалық комитетінің шешімімен аталмыш партияның жетекшісі С.Әбділдин мен басқа да бірқатар мүшелер партия мүшелігінен шығарылды

Қазақстан коммунистік партиясының Астана қалалық комитеті бюросының отырысында аталмыш партияның жетекшісі С.Әбділдин мен басқа да бірқатар мүшелерді партия мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды. Қазақстан коммунистік партиясы Астана қалалық комитетінің осындай қаулысын бүгін, 23-наурызда мәжіліс депутаты, Қазақстан коммунистік партиясының мүшесі Ерасыл Әбілқасымов таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2004
  • 1022
Фото - Caravan.kz

Қалалық комитет бюросы Қазақстан коммунистік партиясының ақпан айындағы және Астана қалалық комитетінің наурыз айындағы пленумдарының шешімін заңсыз деп тапты. Қалалық бюро сондай-ақ, Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің бюросына Серікболсын Әбділдинді Қазақстан коммунистік партиясының бірінші хатшылығынан босату туралы өтініш түсірді.

Бюроға қатысушылар Е.Әбілқасымовқа ҚР бас прокуратурасы, әділет министрлігі мен ҚР Орталық сайлау комиссиясына партия мүшелігінен шығарылуына байланысты С.Әбділдинді депутаттық өкілеттіліктен айыру туралы депуаттық сауал жолдау жөнінде тапсырма берді.
Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, Қазақстан коммунистік партиясының қатарындағы алауыздық былтыр басталған. Ол кезде партияның бірқатар мүшесі Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы етіп депутат Төлен Тоқтасыновты тағайындауға наразылық білдірген. 2004-жылдың ақпан айында Алматыда Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің пленумы өткізіліп, онда партияның бірінші жетекшісі С.Әбділдиннің іс-әрекеттеріне наразылық білдірген бірқатар басшылар партиялық лауазымдарынан босатылып, партия мүшелігінен шығарылды. Соңынан Орталық Комитеттің бұрынғы мүшелері жаңа коммунистік партия құратынын мәлімдеді.
Қазақстан коммунистік партиясының Астана қалалық комитеті бюросының отырысына қатысушылар «партия қатарындағы дүрдараздыққа қандайбір сыртқы күштердің қысымы әсер еткен жоқ, С.Әбділдиннің оппортунистік, іріткі салушы саясаты себеп болды» деп мәлімдеді. Мәжіліске қатысушылардың пікірінше, С.Әбділдин Орталық комитеттің бюросын іс жүзінде «таратып жіберуі салдарынан партияның билігін коммунистік идеологиямен мүлдем жолы бірікпейтін, бөтен адамдар басып алды». Қазақстан коммунистік партиясының ақпан айындағы Пленумының шешімдеріне басшылары келіспеушілік білдірген барлық облыстық комитеттерде осындай жағдай белең алды. Қазіргі жағдаймен, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанада қос-қос коммунистік партиядан жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар