Қазақстан компаниялары Қырғызстанда өндіріс саласын дамытуға атсалысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан компаниялары Қырғызстанда өндіріс саласын дамытуға атсалысуда

Қазақстан компаниялары Қырғызстанда өндіріс саласын дамытуға атсалысуда

Қырғызстандағы Токмак кірпіш зауыты 1,3 млн. доллар көлемінде несие алу туралы Қазақстанның ТұранӘлемБанкімен келіссөздер жүргізуде. KZ-today тілшісіне Қырғызстанның Шу облыстық мемлекеттік әкімшілігінен хабарлағанындай, алынған несиелік қаржыға кірпіш күйдіретін екінші пешті іске қосу көзделіп отыр. Пеш жылына 20 млн. кірпіш өндіруге есептелген.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 541
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың наурыз айында Токмак кірпіш зауыты акцияларының бақылау қоржынын Қазақстандық жеке инвесторлар сатып алған. Жарты жыл ішінде жұмыссыз тоқтап тұрған кәсіпорынды қайта құруға Қазақстандық инвесторлар 45 млн. сом (1 млн. доллар) жұмсады.

Өндірісті реконструкциялау нәтижесінде зауытта 150 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын жұмысшыларының орташа айлық жалақысы 4 мың сом (100 долларға жуық), бұл жалпы Қырғызстандағы орташа айлық жалақыдан екі есе артық.
2004-жылдың қараша айында тағы да жылына 20 млн. кірпіш өндіруге есептелген бірінші пеш пайдалануға берілді. Өндіріс көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін екінші пеш 2005-жылдың маусым айында іске қосылады.
Жобалық қуаты жылына 30 млн. дана кірпіш күйдіруге есептелген Токмак кірпіш зауыты 1989-жылы салынған. Соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік қор мен республикадағы газ қамтамасыздығы алдындағы ауқымды берешекке байланысты зауыт банкроттық жағдайында болды. Қазақстаннан инвестиция келмей тұрғанда зауыттың өнімділік мөлшері жылына 1,5 млн. данаға дейін кеміді.
2005-жылдың 8-қаңтарында Қырғызстан президенті Асқар Ақаев кірпіш зауытында болып, кәсіпорындағы өзгерістерді жоғары бағалады.

Перейти к новостям спорта