Қазақстан КО-ның толық жұмысы үшін шешімдердің бәрін жүзеге асыруды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан КО-ның толық жұмысы үшін шешімдердің бәрін жүзеге асыруды көздеп отыр

Қазақстан КО-ның толық жұмысы үшін шешімдердің бәрін жүзеге асыруды көздеп отыр

Қазақстан Кеден одағы (КО) толыққанды жұмыс істей бастауы үшін бұрын қабылданған шешімдердің бәрін жүзеге асыруды көздеп отыр, деп мәлім етті ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнестің мүдделері» деген тақырыптағы бизнес-форумнда.

  • 13 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Кеден одағы толық күшімен жұмыс істей бастауы үшін үкіметаралық және мемлекетаралық деңгейде қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды көздеп отыр», — деді К. Мәсімов сейсенбі күні сөз сөйлеу барысында.

«КО-ны құру бизнес пен қарапайым азаматтар үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады», — деді үкімет басшысы.

Премьер-министр мемлекетаралық ынтымақтастықтың сәтті мысалы ретінде Қазақстан мен Ресейдің білім мен ғылым, ғарыш технологиялары саласындағы өзара ықпалдастығын атады.

«Бәріміз бірлессек күшіміз де артатынын дәлелдей алатынымызға, біздің елдеріміздің азаматтары жақында өзара интеграцияның артықшылығын сезіне бастайтындығына сенімдімін», — деді К. Мәсімов.

Конференцияға қатысушылар Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің 3 елдің іскелік климатына ықпалын, БЭК аясында ортақ нарық құрудың маңызды мәселелерін талқылады.

Конференция «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының, Ресейдің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының және Беларусьтің өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер конфедерациясының өзара бизнес-диалогының нәтижесінде ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, конференция барысында Ресей мен Беларусь үкіметтерінің жетекшілері Владимир Путин менМихаил Мясниковичта сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар