Қазақстан көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ет әкелуге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ет әкелуге тыйым салды

Қазақстан көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ет әкелуге тыйым салды

Қазақстан көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ет, ет өнімдері, тірі мал және құс әкелуге тыйым салды. Бұл туралы бүгін, 29-қаңтарда Астанада ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов журналистерге хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

А.Есімовтың айтуынша, бұл шара «аталмыш елдерде малдың аусыл дертіне шалдыққандығы туралы халықаралық эпизоотикалық бюроның хабарламасына сәйкес» қолданылып отыр. «Мұндай мәлімет айрықша алаңдаушылық тудырғандықтан біз шекараны жабуға мәжбүрміз» ,- деді А.Есімов.

«Халықаралық эпизоотикалық бюро бұл елдерде індет қаупі жойылғандығын анықтаған жағдайда ғана тыйым алынады»,- деді А.Есімов.
Осы орайда ауылшаруашылығы министрі Қазақстан әзірге құс тұмауы белең алған елдерден ет импорттауға тыйым салу шарасын қолданбайды деп мәлімдеді. А.Есімовтың айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізге аталмыш аймақтардан құс еті әкелінбейді. «Құс еті негізінен елімізге АҚШ-тан әкелінеді»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар