Қазақстан кубогі үшін ойында «Ақжайық» өз алаңында «Ордабасыдан» ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кубогі үшін ойында «Ақжайық» өз алаңында «Ордабасыдан» ұтылып қалды

Қазақстан кубогі үшін ойында «Ақжайық» өз алаңында «Ордабасыдан» ұтылып қалды

Қазақстан кубогі үшін ойында Оралдың «Ақжайығы» Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдады.

  • 21 Маусым 2012
  • 475
Фото - Caravan.kz

Қонақтар матч басталғаннан кейін-ақ өз мүмкіндігін оңтайлы пайдаланып, 4-минутта Роман Пахолюк есепті ашты. 25-минутта «Ақжайыққа» чемпионат арасындағы үзілісте жаңадан қосылған чехиялық шабуылшы Павел Черны есепті теңестірді. Дегенмен 90-минутта Мансур Гуйе «Ордабасыға» жеңіс әперді. Сөйтіп ойынның басы мен соңында сәтті қимылдаған шымкенттіктер алаң иелерін ұтып кетті.

Қарымта кездесу 27 маусым күні өтеді.

«Ордабасы» — еліміздегі мықты командалардың бірі, 2012 жылғы суперкубоктің иегері.