Қазақстан Латвияны Балтық аймағындағы келешегі зор экономикалық серіктесі деп санайды
Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Латвияны Балтық аймағындағы келешегі зор экономикалық серіктесі деп санайды. Бұл туралы Латвия Республикасының мемлекет басшысы Валдис Затлерспен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Біз Латвия президенті екеуіміз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ортақ пікірге келдік", -деді ол.
Келешегі зор бағыттар ретінде президент транспорт, Балтық теңізіндегі айлақтар арқылы транзит, ауылшаруашылығы, ақпараттық технологиялар, білім беру, денсаулық сақтау, туризм салаларын атады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін