Жарияланды: 450

Қазақстан Латвияның транспорттық әлеуетін пайдалануға қызығушылық танытады - президент

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Латвияның транспорттық әлеуетін пайдалануға айрықша қызығушылық танытады. Бұл туралы Латвия Республикасының мемлекет басшысы Валдис Затлерспен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан үшін Латвияның транспорттық әлеуетін пайдалану мен жүк транзитінің жекелеген бағыттарын өсіру айрықша қызығушылық тудырады", - деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша, тараптар Қытай - Қазақстан - Ресей - Балтық аймағы транспорттық дәлізі арқылы темір жолмен контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруға келісті. "2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Резекне - Алматы арасындағы "Балтика транзит" контейнерлік маршрутын одан әрі дамыта түсетін боламыз", -деді президент. Сонымен бірге Елбасы Қазақстан - Латвия ынтымақтастығының оң үлгісі ретінде Вентспилс айлағындағы 2005 жылдан бері жұмыс істеп жатқан екі елдің бірлескен астық терминалын атады. Оны екі ел Қазақстанның астықтан басқа да жүктерін транзитті тасымалдаудың жаңа экспорттық бағыты ретінде қарастырады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін