Қазақстан Мәскеу көрме орталығында егемендік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Мәскеу көрме орталығында егемендік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді

Қазақстан Мәскеу көрме орталығында егемендік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді

2011 жылдың 28 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме орталығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Мемлекетаралық көрмесі өтеді.

  • 25 Маусым 2011
  • 488
Фото - Caravan.kz

№75 көрме павильонында ТМД елдері Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді, деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан өз топтамасын көрсету үшін 504 шаршы метр аумақты жалға алды. Көрмеге Қазақстанның 30 компаниясы қатысатындығын қуаттаған.

Қазақстанның көрме топтамасында «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ сияқты басқа да ірі ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың туындылары қойылады.

Соңғы жаңалықтар