Қазақстан мектептері электрондық оқыту енгізуге дайын емес - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мектептері электрондық оқыту енгізуге дайын емес

Қазақстан мектептері электрондық оқыту енгізуге дайын емес

Қазақстан мектептері Білім және ғылым министрлігі жұмысындағы олқылық салдарынан электрондық оқыту (E-learning) жүйесін енгізуге дайын емес, деп мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мәлімдеді.

  • 19 Қараша 2013
  • 596
Фото - Caravan.kz

«Еліміздегі мектептердің біразында интернет жоқ. Материалдық-техникалық қамсыздандыру, интернет пайдалану мүмкіндігі, мектептердің өзі – орта білім беретін бүкіл инфрақұрылым бұл бағдарламаны қабылдап, енгізуге дайын емес», — деп депутат бүгін Мәжілісте әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет отырысында атап көрсетті.

«Қалалықтар дайын шығар, бірақ олар жартысы ғана. Бұл жалпы білім министрлігінің жіберген олқылығы. Ол электрондық бағдарламаға тапсырыс бергенде, осы бағдарламалармен жұмыс істейтін кадрларды да қосымша даярлауы керек еді», — дейді Д.Назарбаева.

Депутат осы бағдарламалармен жұмыс жүргізуге мұғалімдер де дайын еместігін айтады.

«Егер мектептер компьютерлермен жабдықталмаса, әрине мұғалімдердің де, оқушылардың да компьютерлік сауаттылығы жоқ. Бүгінгі таңда пединституттарда мұндай пін жоқ, осыдан бастасақ, осының өзі олқылық. Олар бұл мамандыққа мұғалім дайындаймын дегенше бес жыл өтеді, ал ақша қазір-ақ жұмсалған – тек әзірлеуге ғана ондаған миллиард кеткен. Міне, депутаттарды ашындыратын да осы жағдай, әйтпесе бағдарламаға қарсы емеспіз. Бағдарлама керек және ол мектептерде шынымен де көптеген проблеманы шешеді. Ал арба болсы, аттан озып кеткеннің кері келіп отыр емес пе», — дейді депутат.