Қазақстан мектептерінде 4480 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы Азаттыққа білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінен хабарлады.
— Әсіресе бастауыш сыныптар, математика, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, химия пәндерінен мұғалім жетпейді, — дейді департамент директоры Шолпан Каринова.
Министрлік мәліметінше, биылғы оқу жылында 370 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. 2015 жылы 336 мың, 2016 жылы 369 мың бала мектеп табалдырығын аттаған.