Қазақстан мектептерінде алты күндік оқыту қалдырылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мектептерінде алты күндік оқыту қалдырылатын болды

Қазақстан мектептерінде алты күндік оқыту қалдырылатын болды

Жақын болашақта Қазақстан мектептері алты күндік оқытудан бас тартпайды.

  • 24 Қараша 2015
  • 602
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. 

Интернет пайдаланушылардың бірі конференция барысында министрге «Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мектептерде сенбі күнгі сабақтар шынымен алып тасталады ма?» деген сауал жолдаған болатын. 
«Бүгінде 6 күндік оқытуды алып тастау мәселесі тұрған жоқ. Қандай да бір өзгертулер тек жергілікті органдардың шешімімен ғана енгізілуі мүмкін», — деп атап өтті А. Сәрінжіпов.