Бұған дейін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева алдағы оқу жылының оқу-тәрбие үдерісінің бір ерекшелігі – 5-11-сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» атауымен курстың енгізілуі екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» курсы 5-11-сыныптарда факультатив форматында оқытылатынын түсіндірді.
Курс мынадай модульдерден тұрады:
-
Қаржы сауаты және кәсіпкерлік негіздері,
-
«Азаматтық»
-
«Адалдық және этика»
-
«Экологиялық мәдениет»,
-
«Сыни тұрғыдан ойлау»,
-
«Зайырлылық және дінтану негіздері»,
-
«Медиасауат».
-
Балалар сыныптары мен жас ерекшеліктеріне қарай аталған бағыттар бойынша оқытылады.Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі