Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болды

Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болды

 

  • 8 Қыркүйек 2021
  • 77
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мектептерде педагог-ассистент қызметі енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие.

“Олар балалардың мектепке тез сіңісіп кетуіне көмектеседі. Еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті", — делінген ақпаратта.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, педагог-ассистенттің қызметке кірісуі мұғалімді алмастыру дегенді білдірмейді. Педагог-ассистентке педагогика мен психология бағытында ерекше мақсат-міндет қойылған.

"Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қойылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса. Немесе егер балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау қажет. Біз бұл жұмыста белсенділік танытып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз", — дейді ол. 

Сондай-ақ педагог-ассистент ерекше білім беру қажет балаларға арналған жеке білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы білім алушының қажеттілігіне қарай бейімделеді.


Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайдың сақталуын қадағалайды.

Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар