Қазақстан мектептеріндегі хиджаб дауы – Жанжал қалай туындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мектептеріндегі хиджаб дауы – Жанжал қалай туындайды

Қазақстан мектептеріндегі хиджаб дауы – Жанжал қалай туындайды

Қазақстан мектептеріндегі хиджаб дауы қалай туындайды?

  • 6 Қыркүйек 2018
  • 52
Фото - Caravan.kz

Қыз балалар мектепке хиджаб киіп келсе, қандай қиындыққа тап болуы мүмкін? Бұл сұрақ біраз пікірталас тудырады. ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2016 жылғы бұйрығы бойынша, оқушының тәртібі мектептің ішкі ережесі арқылы қадағалануы тиіс. Ол жақта мектеп формасы талаптары жазылған. Соған қарамастан, педагогтар мен оқушының ата-анасы арасында түсініспеушіліктер туындап жатады. Today.kz оқу мекемелерінде діни киім қандай жанжал тудырғанын тізбектеп көрді. 

Ақтөбе облысы бойынша 300-ден астам қыз бала дәстүрлі мектеп формасын киюден бас тартқан. Жаңаөзенде 2017 жылы 40 қыз мектепке хиджаб тағып келген, осы жылы олардың саны 60-қа жетті. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында хиджаб тағатын қыздар саны 2017 жылға қарағанда 4-тен 10-ға дейін өсті. Ақтауда да солай. 

Хиджаб дауы қоғамда үлкен пікірталас тудырумен келеді. 

Ақтөбе облысында іс сотқа дейін жеткен. 2018 жылдың қаңтарында жергілікті тұрғын Артур Болатұлы қызы №8 мектепке кіре алмағанын мәлімдеді. Мектеп директоры Айсұлу Жақсыбаева мектеп ережесін бұзғандықтан, яғни мектеп формасын кимей келгендіктен оқушы сабаққа кіргізілмегенін айтты. Сотта талапкер, яғни жергілікті тұрғын жеңілді, ол әлеуметтік айыппұл төлеуге мәжбүр болды. 

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409 бабы 2 бөлімі "Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы" бойынша 10 АЕК немесе 24 мың теңгеден астам айыппұл төлеу қарастырылған 


Осыған ұқсас оқиға Жаңаөзенде болды. Сотқа мектеп әкімшілігі жүгінген. Ата-анасы қызы хиджаб киетіндіктен оны сабаққа жібере алмай отырған. 

Түркістан облысы Фирдоуси ауылында оқушы қыздар ұзын киім мен хиджаб киіп мектепке келген. Олар сабаққа кіре алмады. Қазіргі таңда ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. 

2016 жылы Ақтөбеде 22 жастағы Алтынгүл Сәрсенова хиджаб киетіндіктен жұмысқа тұра алмаған. Кейін №22 мектепке жұмысқа қабылданды.