Қазақстан мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

Қазақстан мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі республиканың ресми БАҚ-тарына сілтеме жасап.

  • 14 Ақпан 2007
  • 504
Фото - Caravan.kz

Кеше кешке Қазақстан мемлекет басшысы Ашхабадқа барып, онда Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне келген Тәжікстан жетекшісі Эмомали Рахмоновпен кездесті.

11-ақпанда өткен Түрікменстан президетінің сайлауының ресми қорытындысы бүгін республиканың жоғары өкілеттілік органы — халк маслихаты (Халықтық кеңес) отырысында бекітіледі. Отырыста жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі өткізіледі.

Салтанатты шараға әлемнің 30 елінен өкілдер қатысады деп күтілуде. Атап айтсақ, Turkmenistan.ru сайтының хабарлауынша, Қазақстан өкілдерін президент Нұрсұлтан Назарбаев, Украина өкілдерін — президент Виктор Ющенко, Тәжікстан өкілдерін — президент Эмомали Рахмонов басқарса, Грузиядан — президент Михаил Саакашвили, Ауғанстаннан — президент Хамид Карзай, Ираннан — президент Махмуд Ахмадинежад рәсімге келді». Ресей Федерациясы өкілдерін үкімет төрағасы Михаил Фрадков, Түркия өкілдерін — премьер-министр Реджеп Тайип Эрдоган, Әзербайжан өкілдерін — премьер-министр Артур Таир-оглы Расизаде, Қытай өкілдерін ҚХР төрағасының арнаулы өкілі, Бүкілқытай халық өкілдері кеңесінің тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Исмайил Аймат бастап келді. Сонымен бірге рәсімге шақырылғандар арасында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Үндістан, АҚШ, Ливия, Египет, Катар, ГФР, Жапония, Испания, Ватикан, Канада, және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Түрікменстанның жаңа президенті рәсім қонақтары мен халықтық кеңестің 2,5 мың мүшесінің алдында қолын Ата заңға қоя отырып ант береді. Бұдан кейін жаңа мемлекет басшысы қысқаша сөз сөйлейді, сосын президент пен шетелдік өкілдер Түрікменбасының руханият сарайының алдына шығады. Қорғаныс министрі жаңа бас қолбасшыға рапорт береді.

Түрікменстан президенті мен рәсімге шақырылған меймандар алдында әскер жасақтары сап түзеп өтеді. Президент пен қонақтар бұдан кейін ескерткіш ретінде суретке түсіп, президент сарайында жаңа мемлекет басшысының бес жыл мерзіммен қызметке кірісуіне байланысты қабылдауға қатысады.

Еске сала кетейік, Түрікменстандағы ең мәртебелі орынтақ үшін күреске алты үміткер қатысты. Саяси бақылаушылардың пікірінше, президенттің міндетін уақытша атқарушы Гурбангулы Бердымухаммедов жеңістен басты үміткер деп танылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті