Жарияланды: 460

Қазақстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің алматылық бюросының журналистері Астанадағы әріптестерінің ереуіліне қосылды

Қазақстан мемлекеттік ақпарат "Қазинформ" агенттігінің алматылық бюросының қызметкерлері бейсенбіде Астанадағы әріптестерінің ереуіліне қосылды.

"Олар да бүгіннен бастап ереуілге шыққандарын жариялады", делінген бейсенбіде таралған хабарламада. "Бүгінде "Қазинформ" (Астана) журналистері интернеттен ажыратылған, олардың бүкіл қалалық телефондары тыңдалатын болған", делінген онда. Алдында хабарланғандай, аталмыш агенттіктің астаналық ұжымы 2011 жылдың мамыр айы үшін жалақы берілмегендігі үшін ереуілге шыққан. "Жылдың басынан бері үшінші рет осындай қадамға баруға мәжбүрміз, компания үнемі жалақымызды кешіктіреді", делінген алдында таралған ақпаратта. Онда атап өтілгендей, "Қазинформ" АҚ басқармасының төрағасы Дәурен Дияровтың айтуынша, компания бюджет алдында 200 млн теңгеден аса ақша қарыз, қазір сот талқысы жүргізілуде және сол себепті компанияның есебі жабылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін