Қазақстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің алматылық бюросының журналистері Астанадағы әріптестерінің ереуіліне қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің алматылық бюросының журналистері Астанадағы әріптестерінің ереуіліне қосылды

Қазақстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің алматылық бюросының журналистері Астанадағы әріптестерінің ереуіліне қосылды

Қазақстан мемлекеттік ақпарат "Қазинформ" агенттігінің алматылық бюросының қызметкерлері бейсенбіде Астанадағы әріптестерінің ереуіліне қосылды.

  • 16 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Олар да бүгіннен бастап ереуілге шыққандарын жариялады», делінген бейсенбіде таралған хабарламада.

«Бүгінде «Қазинформ» (Астана) журналистері интернеттен ажыратылған, олардың бүкіл қалалық телефондары тыңдалатын болған», делінген онда.
Алдында хабарланғандай, аталмыш агенттіктің астаналық ұжымы 2011 жылдың мамыр айы үшін жалақы берілмегендігі үшін ереуілге шыққан.
«Жылдың басынан бері үшінші рет осындай қадамға баруға мәжбүрміз, компания үнемі жалақымызды кешіктіреді», делінген алдында таралған ақпаратта.
Онда атап өтілгендей, «Қазинформ» АҚ басқармасының төрағасы Дәурен Дияровтың айтуынша, компания бюджет алдында 200 млн теңгеден аса ақша қарыз, қазір сот талқысы жүргізілуде және сол себепті компанияның есебі жабылған.

Соңғы жаңалықтар