Р.Латфулиннің айтуынша, екі елдің осы саладағы қызметтері мен олардың санында ғана өзара айырмашылық бар, мәселен, жаңғалаудағы күзет қызметі, минералдық ресурстар басқармасы т.б.
Сондай-ақ, Р.Латфулиннің айтуынша, «АҚШ-та теңіздегі мұнай кеніштерін игеруге рұқсат беріп, оны қадағалайтын мекемелер саны еліміздегіден біршама көп. Бұл кеніштерді игеру және компаниялардың мемлекет алдындағы қаржылық есеп берудегі ашықтығын қамтамасыз етеді».
«Республикамыз өзіндік бақылаушы жүйесін енді ғана қалыптастыра бастаған қазіргі таңда дәл осындай жағдай жасау әзірге мүмкін емес»,- дейді Р.Латфулин.