Жарияланды: 480

Қазақстан мен АҚШ арасында мұнай кеніштерін игеруге рұқсат беру жүйесінде өзара айырмашылық жоқ

Қазақстан мен АҚШ арасында мұнай кеніштерін игеруге рұқсат беру жүйесінде өзара айырмашылық жоқ. "АҚШ-тың теңіздегі мұнай операцияларын реттеу үрдісі : бұрғылау, құрылыс, мұнай өндіру, қауіпсіздік техникасы және халықаралық стандарттау үрдісі " тақырыбында Астанада өтіп жатқан семинарда "Теңіздегі және еліміздің ішкі су қоймаларындағы мұнай операцияларының қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік басқармасының

бастығы Радиус Латфулин KZ-today тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді. Р.Латфулиннің айтуынша, екі елдің осы саладағы қызметтері мен олардың санында ғана өзара айырмашылық бар, мәселен, жаңғалаудағы күзет қызметі, минералдық ресурстар басқармасы т.б. Сондай-ақ, Р.Латфулиннің айтуынша, "АҚШ-та теңіздегі мұнай кеніштерін игеруге рұқсат беріп, оны қадағалайтын мекемелер саны еліміздегіден біршама көп. Бұл кеніштерді игеру және компаниялардың мемлекет алдындағы қаржылық есеп берудегі ашықтығын қамтамасыз етеді". "Республикамыз өзіндік бақылаушы жүйесін енді ғана қалыптастыра бастаған қазіргі таңда дәл осындай жағдай жасау әзірге мүмкін емес",- дейді Р.Латфулин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін