Қазақстан мен АҚШ өзара тауар айналымын арттыруға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен АҚШ өзара тауар айналымын арттыруға мүдделі

Қазақстан мен АҚШ өзара тауар айналымын арттыруға мүдделі

Қазақстан мен АҚШ өзара тауар айналымын арттыруға мүдделі. ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник пен АҚШ сауда министрінің бірінші орынбасары Самуэль Бодман арасында 30-шілдеде Вашингтонда өткен келіссөздер барысында осындай мәселе тілге тиек етілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Шiлде 2003
  • 473
Фото - Caravan.kz

С.Бодман Қазақстанның экономикалық даму деңгейін жоғары бағалай келіп өз еліндегі кәсіпкерлердің әртүрлі саладағы іскерлік байланыстар ауқымын кеңейтуге мүдделілік танытып отырғанын хабарлады. Осы мақсатпен АҚШ сауда министрлігі биылғы жылдың қазан айында өтетін КИОГЕ-2003 көрме-конференциясы аясында Қазақстанға сауда миссиясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, екі ел арасындағы сауда айналымы 2002-жылы 940 млн. долларды құрады. Бұл 2001-жылғы деңгеймен салыстырғанда 180 процентке артық. Қазақстанда американдықтардың қатысуымен 500 жеке кәсіпорын жұмыс істейді. АҚШ компаниялары Қазақстандағы ең ірі инвесторларға саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына құйылған 21 млрд. доллар инвестицияның үштен бір бөлігі АҚШ үлесінде.

Соңғы жаңалықтар