Тауар айналым деңгейі ($16,4млн) қай жақты болса да қанағаттандыра алмайтындықтан,бұл біздің мемлекеттеріміздің қажеттіліктерін өтей алмайтын төмен көрсеткіш,-деді Қазақстан президенті.
Н.Назарбаевтың пікірінше, бұл жайттың басты себебі- екі жақтың қажетті деңгейінде келісімге келе алмауында жатыр.
«Бүгінгі қол қойылған құжаттар біздің компаниялардың ынтымақтастығын арттыру үшін құқықтық негіз болмақ,-деді ол. «Бүгінде Қазақстанның шетелдерге салатын капиталының көлемі $18 млрд, мұның ішінде Арменияға 30 млн$. Келіссөздер барысында біз ынтымақтастығымызды одан әрі дамыта түсуге мүдделі екендігімізге тағы да көз жеткіздік. Бұл өз кезегінде арадағы сауда-экономикалық байланысты нығайта түспек»,-деді Елбасы.
Статистика агенттігінің мәліметтерінше, 2006 жылдың 8 айында Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы $16,4 млн жеткен. Ал өткен жылы екі ел арасында бұл көрсеткіш $45,2 млн болған.
Сонымен қатар, кездесу барысында екі елдің басшылары өзара мәдени-гуманитарлық байланыстарды да дамыта түсу керектігіне тоқталды. «Біз ғалымдарымыздың армениялық мұрағаттарда сақтаулы қыпшақ қолжазбаларына қол жеткізуге мүмкіндік бергені үшін осы елге ризашылығымызды білдіреміз,-деді Қазақстан президенті Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті