«Саакашвилидің айтуынша, Грузия Қазақстаннан газ бен мұнай алуға басымдық береді»,- деді Елбасы. «Қазір біз Қазақстан мұнайын Грузия, Кавказ және Қара теңіз арқылы транзитті тасымалдау мүмкіндіктерін талқылап жатырмыз»,- деді ол.
Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Әзербайжан Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына қатысты мәселелерді сәуір айының ортасынан бастап талқылауға кіріседі. «Әзірше біз тарифтермен келісе алмай отырмыз»,- деді мемлекет басшысы.
Грузия мен Қазақстан арасында да траифтерге қатысты сұрақтар бар, деді Елбасы. «Екі жаққа да тиімді болуы үшін Қазақстан мұнай мен басқа да құрғақ жүктер, соның ішінде астыққа преференциялар жасалуы тиіс»,- деді Н.Назарбаев.