Қазақстан мен Башқұртстан өзара ынтымақтастықты пәрмендендіруге пейіл - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Башқұртстан өзара ынтымақтастықты пәрмендендіруге пейіл

Қазақстан мен Башқұртстан өзара ынтымақтастықты пәрмендендіруге пейіл

Қазақстан мен Башқұртстан өзара ынтымақтастықты пәрмендендіруге пейіл. Бұл туралы бүгін, 15-қазанда Башқұртстан президенті Мұртаза Рахымовпен кездесуден кейін ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қазан 2004
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Өзара танысып-білісу кезеңі тез арада аяқталып, ол белсенді байланыстарға ұласуы тиіс»,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Башқұртстан республикасынан құрылыс материалдарын, соның ішінде цемент пен әйнек алуға қызығушылық білдіреді. Сондай-ақ, республика мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастықтан да мүдделі.
Өз кезегінде М.Рахымов тараптардың екі жақты ынтымақтастықты дамытуға деген құлшынысын растап, «ол үшін ауқымды жұмыс алаңы бар» деп атап көрсетті.
ҚР СІМ-нің мәліметі бойынша, Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2003-жылы 236 млн. долларды құраса, 2004-жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 209 млн. долларға жетті. Қазақстаннан экспортталатын тауарлар арасында минералды өнімдер, отын, азық-түлік тауарлары мен ауылшаруашылық шикізаты басым. Башқұртстан елімізге мұнайхимиясы өнімдерін, гербицидтер мен құрылыс материалдарын сатады.

Перейти к новостям спорта