Құжатқа ЭДСМ сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев пен Беларусь СІМ ұлттық маркетинг және баға конъюктурасы орталығының директоры Борис Смолкин Мәскеуде ТМД-ның 20 жылдығына арналған мемлекетаралық көрменің аясында қол қойды.
Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, қазақстандық ақпараттық-маркетингтің порталы kazimc.kz экспортты қолдау, инвестиция тарту, ТМД мемлекеттерінің, шетелдердің кәсіпорындарымен өндірістік және ғылыми-техникалық байланыстарды қайта жаңғырту мен дамыту мақсатында жасалды.
Меморандум аясында Қазақстан мен Беларусь kazimc.kz пен export.by ақпараттық ресурстарын бірыңғай жүйеге біріктіру туралы келісті.