Қазақстан мен Беларусь экспортты дамыту жөніндегі ақпараттық порталдарды интеграциялау туралы уағдаласты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Беларусь экспортты дамыту жөніндегі ақпараттық порталдарды интеграциялау туралы уағдаласты

Қазақстан мен Беларусь экспортты дамыту жөніндегі ақпараттық порталдарды интеграциялау туралы уағдаласты

ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің (ЭДСМ) сауда комитеті және Беларусь СІМ ұлттық маркетинг және баға конъюктурасы орталығы бейсенбі күні ТМД ақпараттық-маркетингтік орталықтарының мемлекетаралық желісін дамыту аясында меморандумға қол қойды, делінген ЭДСМ ақпаратында.

  • 1 Шiлде 2011
  • 364
Фото - Caravan.kz

Құжатқа ЭДСМ сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев пен Беларусь СІМ ұлттық маркетинг және баға конъюктурасы орталығының директоры Борис Смолкин Мәскеуде ТМД-ның 20 жылдығына арналған мемлекетаралық көрменің аясында қол қойды.

Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, қазақстандық ақпараттық-маркетингтің порталы kazimc.kz экспортты қолдау, инвестиция тарту, ТМД мемлекеттерінің, шетелдердің кәсіпорындарымен өндірістік және ғылыми-техникалық байланыстарды қайта жаңғырту мен дамыту мақсатында жасалды.

Меморандум аясында Қазақстан мен Беларусь kazimc.kz пен export.by ақпараттық ресурстарын бірыңғай жүйеге біріктіру туралы келісті.

Соңғы жаңалықтар