Қазақстан мен Беларусь химия саласында ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Беларусь химия саласында ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр

Қазақстан мен Беларусь химия саласында ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр

Қазақстан мен Беларусь химия саласында ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

  • 9 Қараша 2012
  • 433
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовпен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Беларусь Премьер-Министрі Михайл Мясникович мәлім етті.

Инвестициялық ынтымақтастық аясында жаңа кезеңге жол ашылып отырғандығына тоқталған ол: «Біз нақты қандай зауыттарды құратынымызды және қалай құратынымызды өзара келістік. Яғни, машина құрылысы, ауыл шаруашылығы, химия салалары қамтылатын болады. Бұл алдағы 1-2 жылда жүзеге асырылатын нақты жобалар»,-деді. Ол бұлардың барлығы екі елдің президенттері деңгейінде қол жеткізілген келісімдер аясында екендігін айтып өтті. «Әрине, атқарылатын жұмыстар оңай емес. Бізді күрделі шаралар күтіп тұр. Алайда, біздің өзара сенімді қарым-қатынастарды ескере отырып, алдағы мақсаттарды толығымен іске асырамыз деген ойдамын»,-деді Беларусь Премьер-Министрі.

М. Мясникович бұл жобалар болашаққа негізделгенін айта келе, мән-маңызға ие болып отырған жобаның бірі — ауқымды үлкен химия саласына қатысты екендігін жеткізді.

Осы орайда ол «Могилев химталшық» базасында қазіргі заманғы үлкен акционерлік қоғамды ұйымдастыру Қазақстан мен Беларустың экономикасын көтеруге зор ықпал жасайтындығын айтты. Жоба 1 млрд. АҚШ долларына жуық қаржыға бағаланып отыр.

«Бұл ірі Еуразиялық жоба болмақ. Яғни, ол Бірыңғай экономикалық кеңістіктің ішкі нарықтарында ғана емес, сонымен қатар үшінші мемлекеттердің нарығында да жұмыс істейді»,-деп түйді Беларусь Премьер-Министрі.

Соңғы жаңалықтар