Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің тауар айналымы көрсеткішін арттырудағы әлеуеті жоғары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің тауар айналымы көрсеткішін арттырудағы әлеуеті жоғары

Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің тауар айналымы көрсеткішін арттырудағы әлеуеті жоғары

Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің тауар айналымы көрсеткішін арттырудағы әлеуеті жоғары.

  • 9 Қараша 2012
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадда Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясниковичпен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовпен мәлім етті.

«Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі, сондай-ақ Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруі біздің елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынастарына өзгерістер енгізеді. Әсіресе, бұл Беларусь секілді елдер енетін жақын әріптестерімізге де қатысты болмақ»,-деді Үкімет басшысы.

«Әрине, біздің арамыздағы 800 млн. АҚШ долларына жуық тауар айналымы екі ел арасындағы әлеуетті ескергенде жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан екі мемлекеттің үкіметтеріне жақын арада аталған көрсеткішті 1 млрд. долларға жеткізу, ал алдағы уақытта оны екі, үш есеге арттыру мақсаты жүктелді. Ол үшін бізде мүмкіндіктер бар»,-деп атап өтті С. Ахметов.

Премьер-Министр химия, ауыл шаруашылығы, машина жасау салаларындағы жобалар өзара сауданы айтарлықтай арттыруға жол ашатынын тілге тиек етті.

Сөз соңында Үкімет басшысы Беларусь Премьер-Министрі ертең Қарағанды облысына сапар жасап, «КазБелаз» кәсіпорнын және басқа да бірқатар өндіріс ошақтарын аралайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар