Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері бірқатар маңызды құжаттарды бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері бірқатар маңызды құжаттарды бекітті

Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері бірқатар маңызды құжаттарды бекітті

Бүгін Астанада Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері арасындағы келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжаттар бекітілді.

  • 9 Қараша 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов пен Беларусь Премьер-Министрі Михайл Мясникович бүгінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойды.

Бұдан бөлек ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев және Беларусь Өнеркәсіп министрі Дмитрий Катеринич ведомствоаралық, ауыл шаруашылық және коммуналды техникалық бірлескен қазақстандық-беларустық индустриялық-технологиялық парк құру туралы меморандумды бекітті.

Сонымен қатар ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Беларусь Салық және алымдар министрі Владимир Полуян салық заңдарын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы үкіметтік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Ал, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Беларусь Орман шаруашылығы министрі Михаил Амельянович ведомствоаралық орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев және «Герсис Софтвер» ЖШС бас директоры Михаил Чупринский компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар