Бас қосудың алғашқы күні ҚР үкімет басшысының орынбасары, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ахметжан Есімов Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Халифа Бен Заид Аль-Нахайянмен кездесті. Үкімет басшысының орынбасары шейх мырзаға ҚР президентінің жеке жолдауын табыс етті.
Бұдан кейінгі кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге байланысты бірқатар мәселелер топтамасын талқылады. Өз тарапынан Шейх Халифа Бен Заид Аль-Нахайян Біріккен Араб Әмірліктерінің сауда-саттық және экономика, көлік және коммуникация, шағын және орта бизнес саласындағы ынтымақтастық әлеуетінің көзін ашуға деген ынта-ықыласын тағы бір дәлелдеді.