Қазақстан мен Болгария бұрынғы өзара ықпалдастық деңгейін қайтадан қалпына келтіруге ынталы - Болгария СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Болгария бұрынғы өзара ықпалдастық деңгейін қайтадан қалпына келтіруге ынталы - Болгария СІМ

Қазақстан мен Болгария бұрынғы өзара ықпалдастық деңгейін қайтадан қалпына келтіруге ынталы - Болгария СІМ

Қазақстан мен Болгария бұрынғы өзара ықпалдастық деңгейін қайтадан қалпына келтіруге ынталы. Бүгін, 6-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Болгария сыртқы істер министрі Соломон Пасси осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 576
Фото - Caravan.kz

Біз «екі елдің бұрығы достық байланыстарын еске түсіріп, Қазақстан мен Болгария арасындағы дәстүрлі қарым-қатынас деңгейін бұрынғы қалпына келтіруге екі елдің де ынталы екенін атап өттік»,- деді С.Пасси.

Бұған қоса бүгінгі келіссөздер барысында Қазақстан нарығына бұрынғы болгар тауарларын қайтадан әкелу мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ, Н.Назарбаев пен С.Пасси Қазақстан мұнайын Бургас-Александрополис мұнай құбырымен тасымалдау мүмкіндіктерін де сарапқа салды.
Болгария СІМ-нің айтуынша, мемлекеттердің екі жақты экономикалық комиссияларын құру процессін жеделдету және оның болашақ жұмысы туралы өзара мәміле жасалды. Қазақстан мен Болгария екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынын арттыру үшін өзара кәсіпкерлерден өкілдер алмаспақшы.
С.Пасси сондай-ақ, Қазақстан президентін өз елінің басшылығы атынан Болгарияға ресми сапармен келіп қайтуға шақырғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар