Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың белсенділігі артуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың белсенділігі артуда

Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың белсенділігі артуда

Соңғы жылдары Қазақстан мен БҰҰ арасында ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша қарым-қатынастар белсенділігі артты.

  • 10 Маусым 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов еліміздегі БҰҰ агенттіктерінің басшылығымен кездесуінде осылай деді.

«Соңғы жылдары Қазақстан мен БҰҰ арасында ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша қарым-қатынастар белсенділігінің артқанын сеніммен айта аламыз», — деді министр Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің Резидент-үйлестірушісі Стивен Тулл бастаған топқа қаратып айтқан сөзінде.

Бұған дәлел ретінде, министр Е. Қазыханов, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның 2010 жылы Қазақстанға екі мәрте жасаған сапарын және оның орынбасарлары БҰҰ Даму бағдарламасының жетекшісі Х. Кларктың, АТМЭӘК (ЭСКАТО) Атқарушы хатшысы Н. Хейзердің, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Я. Кубиштің, сонымен қатар 2011 жылы ФАО Бас директоры Ж. Диуфтың және ЮНВТО Бас хатшысы Ф. Франджиалли сапарларын, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысы орынбасары лауазымына тағайындалуын келтіре кетті.

«Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы табысты ынтымақтастық жедел даму үстінде. 1992 жылдан бері Қазақстанда Ұйым жүйесінің 19 арнайы мекемесі, қорлары және бағдарламалары ашылып, жұмыстарын белсенді атқаруда. Алғашқы күндерден бастап БҰҰ-ның барлық институттарымен толық әріптестік қамтамасыз етілген болатын»,-деді Е. Қазыханов.

Соңғы жаңалықтар