Ассамблеяға қатысушылар ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, ВИЧ/СПИД-ке, құрт ауруына, малярия және басқа да қатерлі індеттерге қарсы күреске бағытталған халықаралық тиімді шаралар қолдануға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.
Е.Досаев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Йонг Вук Ли мен ЮНЕЙДС ұйымының атқарушы директоры Питер Пиот Қазақстан мен аталмыш халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа қатысты нақты проблемаларды сарапқа салды.