Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан экономикасын әртараптандыру және бәсекелестік қабілетін арттыру саласында ынтымақтастық орнатпақ ниетте - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан экономикасын әртараптандыру және бәсекелестік қабілетін арттыру саласында ынтымақтастық орнатпақ ниетте - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан экономикасын әртараптандыру және бәсекелестік қабілетін арттыру саласында ынтымақтастық орнатпақ ниетте - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан экономикасын әртараптандыру және бәсекелестік қабілетін арттыру саласында ынтымақтастық орнатпақ ниетте, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 7 Қараша 2008
  • 1240
Фото - Caravan.kz

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 4 — 6 қарашасында Берлинде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов басқарған Қазақстан өкілдері «Орталық Азиядағы инвестициялар мен бәсекеге қабілеттілік» және «Германия мен Орталық Азия: экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты халықаралық конференцияларға қатысты. Шараны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен ЕҚЫҰ ұйымдастырды.

Қазір Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экономиканы әртараптандыруды және бәсекелестікті күшейту» атты жобаны жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы жасалуда.

Бұл жобаны жүзеге асыруға Қазақстан үкіметі 2009 жылы 1,8 млн евро бөлмекші.

Сонымен бірге, Еуропалық комиссия (ЕК) тарапынан бұл жобаны жүзеге асыруға салым түрінде қайтарымсыз негізде тең қаржыландыруға 2 млн евро бөлу жоспарланған.

Қазір ЕК тарапынан жобаны тең қаржыландыру тетіктері жасалу үстінде. Бұл мәселе бойынша ортақ көзқарас қалыптасқан соң Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы келісімге қол қойылады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы — халықаралық үкіметаралық я экономикалық ұйым болып табылады. Ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында Еуропаны экономикалық реконструкциялау жобаларын үйлестіру үшін еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы деген атаумен құрылған.

Бүгінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына 30 мемлекет енеді. Олардың басым бөлігі ЕО мүше. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының үлесіне әлемдік Жалпы ішкі өнімнің 60% жуығы тиесілі. Ұйым ауқымды талдамалық жұмыстар жүргізіп, ұйымға мүше елдерге арнап нұсқаулар дайындайды және экономикалық проблемалар бойынша көпжақты келіссөздер жүргізуге платформа қызметін атқарады.

Ұйымның мақсаты — оған мүше елдерде жоғары экономикалық өсім қарқынын және жоғары деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, ұйымға мүше елдерде саясатты үйлестіру, мүше елдердің дамушы елдерді қолдау бағытындағы күш-жігерін үйлестіру арқылы экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға саяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар