Қазақстан мен Эстония көлік-коммуникация кешені саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Эстония көлік-коммуникация кешені саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Қазақстан мен Эстония көлік-коммуникация кешені саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

2011 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасының елшісі – Эстония Республикасының сыртқы істер министрлігінің вице-канцлері Марина Кальюранд басқарған эстондық делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 16 Маусым 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Эстония Республикасына сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бойынша министрлік қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша ақпарат берді. Министр, бірінші кезекте, бүгін Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы көлік-коммуникация кешені саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі сарапшы тобының отырысы өткендігін атап өтті.

Тараптар Эстония бағытына бағытталған жүк тасымалының ағымдағы жағдайы мен жүктердің болжамдық көлемі жайында өзара мәліметтердің қанағаттандыратыны, сондай-ақ, Таллин портын дамыту жөніндегі жоспарды және оның еркін экономикалық аймақ шеңберінде кеңею перспективасы, сонымен бірге BLRT GRUPP концерні туралы атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен Эстония бағытындағы жүктерді тасымалдау көлемін кедергісіз келісу мәселесін шешу қажеттілігін және «Российские железные дороги» ААҚ жоспарлық өтінімдерді келісу мәселесіне баса назар аударды. Осыған орай, жүк ағымын тараптардың аумағы арқылы транзитті дамыту мәселесін талқылау мақсатында үш жақты форматта кездесу өткізу мәселесін келісу қажет.
Отырыс барысында, екі жақ «Қазтеңізтрансфлот» Ұлттық теңіз кеме жүзу компаниясы» АҚ және BLRT GRUPP концерні кеме салу және кеме жөндеу саласында бірлесіп ынтымақтасу мәселесін айқындап, екі жақтың құзыретті органдарына ұсыныстар енгізетіні туралы келісті. Сонымен қатар, тараптар Таллинн портындағы Муугас еркін экономикалық аймағында және «Хоргос» Халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығында өзара қатысуы туралы мәселені қарастыруға келісті.

Сондай-ақ, эстондық тарап азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мәселені талқылауды және бұл мәселені тараптардың келесі отырысында қарауды ұсынды.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Эстонияның Елшісі Марина Кальюрандқа Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасының арасындағы көлік және коммуникация саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс хат тапсырды. Сонымен бірге, Қазақстанның көлік ведомствосының басшысы Таллин порты басқармасының төрағасы Айн Кальюранд пен Таллинн порты басқармасының мүшесі Аллан Киильдің Қазақстан мен Эстония арасындағы транзит мәселелері саласындағы ұзақ жылғы сындарлы еңбектерін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша, тараптар қол жеткізілген келісімдерді іске асыру үшін екіжақты жұмыс тобын құруға және 2011 жылғы шілденің басында Таллинн қаласында келесі кездесу өткізуге келісті.

Соңғы жаңалықтар