Қазақстан мен Еурокомиссия энергетика саласындағы түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Еурокомиссия энергетика саласындағы түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Еурокомиссия энергетика саласындағы түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды

АСТАНА. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Еурокомиссия энергетика саласындағы түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 441
Фото - Caravan.kz

Құжатқа Бельгияда жұмыс сапармен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Еурокомиссияның төрағасы Жозе Менуэль Баррозудың қатысуымен өткен екі жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша қол қойылды.

Қазақстан мен Еурокомиссия арасында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде, «меморандум Каспий аймағындағы негізгі және ірі табиғи газ бен мұнай өндіруші ретінде, сонымен қатар ЕК қызығушылығы мен Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы ролінің ерекше екенін мойындайды»,-деп көрсетілген.

«Меморандум энергетикалық қауіпсіздік және өнеркәсіп ынтымақтастығы сияқты ауқымды мәселелерді қамтиды. Осы екі сала бойынша ынтымақтастықтың жол картасы келісілген».

Мәлімдемеде сондай-ақ, «Еуроатом мен Қазақстан үкіметі арасында бейбіт мақсатта ядролық материалдарды қолдану туралы келісімге қол қойылатындығы» туралы айтылған. «Бұл келісім ядролық қауіпсіздік және ядролық синтез саласындағы ынтымақтастығын, екі ел арасында ядролық өнімді сату аясында тұрақтылық қалыптастыруды толықтыра түседі»,-делінген.

«Біз бұл сапарды және екі жақты келіссөздерді екі жақты қарым қатынастың дамуындағы маңызды кезең ретінде қарастырамыз.Біздің серіктестігіміздің негізі, ол ортақ құндылықтар, сауда экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы , сонымен қатар, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірлескен қадамдар»,-деп атап өтті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ол ҚР мен ЕК серіктестігі тек энергетика саласында ғана дамымайтындығын айта кетті.

«Біз ЕК Қазақстанның 50 бәсекелестік қабылетті елдер қатарына қосылу стратегиясын жүзеге асыруға және экономиканы диверсификациялауға қатысу мәселесін талқыладық .

Сонымен қатар біз Орталық Азия жөніндегі ЕК жаңа стратегиясын және осы құжатты дайындауға Қазақстанның қосар үлесін талқыладық. Бұл стратегияны ЕК 2007 жылы қабылдауды жоспарлап отыр»,-деді Елбасы.

Жалпы Қазақстан президенті мен Еурокомиссия төрағасы келіссөз нәтижелі өтті деп баға берді. «Біз ашық мәміле жүргіздік, ҚР мен ЕК қатысы бар өте маңызды мәселелерді талқылап, осы бағытта ілгері жылжи беруге деген ниетімізді таныттық»,-деді брифингте Ж.М.Баррозу.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта