Қазақстан мен Еуроодақ еліміздің ДСҰ-ға қосылуы аясындағы қызметтер бойынша келіссөздерді аяқтады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Еуроодақ еліміздің ДСҰ-ға қосылуы аясындағы қызметтер бойынша келіссөздерді аяқтады

Қазақстан мен Еуроодақ еліміздің ДСҰ-ға қосылуы аясындағы қызметтер бойынша келіссөздерді аяқтады

Қазақстанның Экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мен сауда-саттық жөніндегі еурокомиссар Карл Де Гюхттің Брюссельде өткен кездесуінің қорытындысы бойынша

  • 30 Маусым 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

тараптар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі аясындағы қызмет көрсетулердің барлық секторы бойынша Еуроодақпен екіжақты келіссөздердің аяқталғанын мәлім етті.

Қазақстан министрі атап көрсеткендей, біздің еліміз Еуроодақпен қызмет көрсетулердің 12 негізгі секторы бойынша, оның ішінде қаржылық, телекоммуникациялық, сауда-саттық және т.б. секторлар бойынша келіссөздер жүргізді. «Бұл жолғы келіссөздер барысында аталған мәселелердің барлығы бойынша біз келісімге қол жеткіздік. Тек техникалық мәселелер қалды, оларды енді сарапшылар зерделейді», — деді Жанар Айтжанова.

Былтыр Еуроодақ тарапымен болған кездесулердің барысында нарыққа Қазақстан тауарларының кіргізілу мүмкіндігі бойынша келіссөздің нәтижелі аяқталғанын еске салған министр, дегенмен, бүгінгі таңда Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы түйіні шешілмеген бір ғана мәселе бар екенін, ол — Қазақстаннан Еуроодақ елдерінің нарықтарына жеткізілетін шикізаттарға біздің еліміздің экспорттық баж салығын қолдану құқығы мәселесі екенін айтып өтті. «Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін, бұл құқықты өзімізде қалдыруға мүдделіміз», — дейді министр.

27 елдің басын біріктіріп отырған Еуропалық Одақтың Қазақстанның негізгі сауда серіктесі екенін айта кету керек. 2010 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттықтың көлемі 38 миллиард долларға жетті. Оған қоса, Еуроодақ ДСҰ-ның беделді мүшесі болып табылады, сондықтан да онымен арадағы келіссөздердің нәтижелі аяқталуы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз үдерісіндегі маңызды қадам.

Соңғы жаңалықтар