Жарияланды: 520

Қазақстан мен Франция басшылары «Назарбаев-Олланд» комиссиясы деңгейіндегі жылсайынғы кездесулері

Қазақстан мен Франция басшылары «Назарбаев-Олланд» комиссиясы деңгейіндегі жылсайынғы кездесулері

Париждегі Елисей сарайында Қазақстан мен Франция президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олландтың кездесуі өтуде.

Мемлекет басшысының Француз Республикасына жұмыс сапары аясында өтіп жатқан кездесуде Н.Назарбаев пен Ф.Олланд саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Қазақстан мен Франция басшылары «Назарбаев-Олланд» комиссиясы деңгейіндегі жылсайынғы кездесулерін жалғастырады. Бұл туралы бүгін өзінің француздық әріптесімен кездесуден кейін қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен брифингіде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Біз Француз Республикасының жаңадан сайланған Президентімен біздің байланыстарымызды, болашақтағы ынтымақтастығымызды жалғастыру үшін кездестік, өйткені біздің стратегиялық әріптестік туралы шартымыз бар. Біз 27 ірі жобаларды жүзеге асырдық, тауар айналымы алты млрд. долларға жетті, Францияның қазақстандық экономикаға салған инвестициясы - 10 млрд. долларға жуықтайды»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы. Президент барлық бірлескен жобаларды ілгері жылжыту үшін Қазақстан мен Франция басшылары «Назарбаев-Олланд» комиссиясы деңгейіндегі жыл сайынғы кездесулерін жалғастыратынын айтты. Сонымен бірге, мемлекеттер басшылары Қазақстан тарапынан Француз Республикасының әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға жәрдемдесу мәселелерін талқылады. «Менің ойымша, біздің экономика мен саясат, мәдениет-білім беру салаларындағы ынтымақтастығымыз екі елдің мүддесі игілігіне жалғасатын болады», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін