Қазақстан мен Франция бірлескен жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізу мәселесін қарайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Франция бірлескен жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізу мәселесін қарайтын болады

Қазақстан мен Франция бірлескен жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізу мәселесін қарайтын болады

Екі ел штаб басшыларының алдағы қыркүйекте Парижде өтетін кездесуінде Қазақстан мен Франция бірлесіп Қазақстан аумағында жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізу мәселесін қарайтын болады. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде Франция қорғаныс министрі Мишель Аллио-Мари ханым Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін мәлімдеді.

  • 7 Шiлде 2003
  • 555
Фото - Caravan.kz

Қорғаныс министрі М.Аллио-Маридің айтуынша, Франция Қазақстанмен жауынгерлік техника сату арқылы тек әскери-техникалық салада ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіп саласын дамыту саласында да ынтымақтасуға мүдделі. Жалпы алғанда қорғаныс саласындағы Қазақстанмен екі арадағы ынтымақтастыққа Франция ғаламдық тұрғыда мән беріп отыр деді қорғаныс министрі.

«Біз аймақтағы ахуалға талдау жасау саласында, сондай-ақ, стратегиялық мәселелер бойынша ақпарат алмасуға, өзара тәжірибе алмасуға мүдделіміз»,- деді М.Аллио-Мари. Францияда жуырда әскери құрылымдық салада жаңартулар жүзеге асырылғаны белгілі. Қорғаныс министирінің пайымдауынша, бұл саладағы тәжірибе Қазақстан үшін қызғылықты болатыны анық. Сонымен бірге Франция Қазақстандық офицерлерді оқытуға қолұшын бере алады,- деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Мишель Аллио-Мари ханымның кездесуінде Ауғанстан мен Ирактағы ахуалға байланысты мәселелер де сарапқа салынды. М.Аллио-Мари ханымның хабарлауынша, қазір Кабул қаласында 500 француз жауынгері орналасқан. Ал елдің шығыс бөлігінде Франция арнаулы қызметтерінің 100 офицері жұмыс істеуде.
Кездесу барысында қорғаныс министрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Франция лидері Жак Ширактың хатын табыс етті. Онда Франция президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсы дамып келе жатқанын атап көрсетіпті.
Бұл- Франция қорғаныс министрінің елімізге алғаш келуі.
Мишель Аллио-Мари Қазақстаннан Мәскеуге аттанады. Онда Франция қорғаныс министрінің Ресейлік әріптесімен және осы елдің сыртқы істер министрімен кездесуі жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар